Ширек финалға шықты
Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан сыйлық қоры 2 миллион доллардан асатын Rogers Cup 2011 халықаралық супертурнирінің ширек финалына шықты. Канаданың ашық чемпионаты саналатын Canada Masters қазіргі кезде Rogers Cup демеушілік атауына ие және жыл сайынғы халықаралық турнир қатарына енгізілген. 2009 жылдан бері осы негізде Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) премьер турнирі категориясына [...]